
Алихан Жексембайұлы Байдусенов
«Оқ-Жетпес» ЛОК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Алихан Байдусенов — тәуелсіз директор, корпоративтік басқару, стратегиялық даму және корпоративтік қаржы салаларындағы 20 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, мұнда ол корпоративтік басқарудың үздік халықаралық тәжірибелерін енгізіп, Директорлар кеңесінің жұмыс тиімділігін арттыруда. Сонымен қатар «Ғылым қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады, аудит және стратегиялық даму комитеттерін басқарады.
Мұнай-газ саласында айтарлықтай тәжірибесі бар, соның ішінде «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ-да стратегиялық дамуды басқарған, онда стратегиялық жоспарлауға жауап беріп, компанияны Лондон және Қазақстан қор биржаларында IPO-ға дайындауға қатысқан. Басқарушылық консалтинг саласында да тәжірибесі бар.
Халықаралық инвестициялық банктермен өзара жұмыс істеуде, M&A мәмілелерін сүйемелдеуде, сондай-ақ корпоративтік қаржы саласындағы жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар, оның ішінде мәмілелерді құрылымдау, қаржыландыру тарту және капитал нарықтарымен жұмыс істеу.
Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетика секторына арналған IT-платформа мен аналитика әзірлеумен айналысатын EXia аналитикалық компаниясында Senior Partner болып табылады.
Корпоративтік басқару саласындағы сертификатталған маман (DipIoD, Institute of Directors, Ұлыбритания), директорлар кеңесі мүшелерін оқыту және консалтинг бойынша халықаралық тәжірибесі бар.
Университет оқытушысы және корпоративтік басқару, стратегиялық менеджмент және қаржы бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының сарапшысы.

Қазиева Орынкүл Нұрланқызы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысының орынбасары
1977 жылғы 29 желтоқсанда туған.
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
2002–2010 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған – инспектор лауазымынан бастап, басшының орынбасарына дейін көтерілген.
2010–2023 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті құрылымдарында қызмет еткен, басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары және Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы лауазымында жұмыс істеген.
2024 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
«Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

Стерлигов Яков Васильевич
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамының президенті
1985 жылғы 19 маусымда туған.
01.06.2004 — 01.01.2005 — Сарапшы, Ақпараттық-талдау орталығы, Алматы қаласы
01.03.2007 — 02.05.2007 — Инспектор, «Щучинск ауданы әкімінің аппараты» ММ, Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, Ақмола облысы
02.05.2007 — 28.08.2007 — Бас маман міндетін атқарушы, «Ішкі саясат бөлімі» ММ, Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, Ақмола облысы
28.08.2007 — 01.03.2011 — Бас маман, «Ішкі саясат бөлімі» ММ, Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, Ақмола облысы
01.03.2011 — 01.03.2016 — Бөлім басшысы, «Бурабай ауданының спорт бөлімі» ММ, Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, Ақмола облысы
02.03.2011 — 16.05.2017 — Директор, «СК Мастер» ЖШС, Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, Ақмола облысы
01.03.2011 — 01.06.2017 — 01.07.2019 — Басқарушы директор, «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ, Бурабай кенті, Бурабай ауданы, Ақмола облысы
01.07.2019 — 22.08.2022 — Жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, басшылық, «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ, Бурабай кенті, Бурабай ауданы, Ақмола облысы
23.08.2022 — 11.12.2022 — «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалының директоры, Алматы қаласы
12.12.2022 — қазіргі уақытқа дейін — Президент, «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ, Бурабай кенті, Бурабай ауданы, Ақмола облысы

Кривец Кристина Сергеевна
«Оқ-Жетпес» ЛОК» АҚ тәуелсіз директоры
Кристина Сергеевна — медицина, құқық және экономика салаларында көпсалалы білімі бар, денсаулық сақтау, стратегиялық даму және жобалық басқару саласының сарапшысы.
Мемлекеттік органдарда және медициналық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі жобаларды басқару, медициналық инфрақұрылымды дамыту және сапа менеджменті жүйелерін енгізу.
Медициналық компанияның құрылтайшысы және бас директоры, сондай-ақ Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының Президенті болып табылады.
Корпоративтік басқару, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ салалық бастамаларды сараптамалық бағалау саласында елеулі тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және салалық марапаттармен наградталған.
KZ