
Стерлигов Яков Васильевич
– Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті
2017 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының емдеу-сауықтыру кешендері «Оқжетпес» брендімен бірыңғай желіге бірікті, оның құрамына Бурабай курорттық аймағындағы “Оқжетпес”, Алматы қаласындағы “Алматы Резорт” және Ресей Федерациясының Ессентуки курорт- қаласындағы “Қазақстан” санаторийі кірді. Осы қайта ұйымдастырудың мақсаты медициналық орталық жүйесінде бекітілген контингенттің, Қазақстан Республикасы мен шетел азаматтарының санаторлық-курорттық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін “Оқжетпес” брендімен қазіргі заманғы тиімділігі жоғары емдеу-сауықтыру ұйымдарының желісін құру болып табылады.
Әрбір шипажай бай табиғатпен тамаша жерде орналасқан, өзінің көпжылдық тарихы және сауықтыру демалысында үлкен тәжірибесі бар. Емдеу-сауықтыру кешендерінің желісі жалпы көлемі 583 төсек-орынды құратын үш санаторийден тұрады.
2017 жылғы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында үш санаторийдің өкілдігі ашылды.
Қалай сапалы демалуға болатынын, сондай-ақ емделу, тұру, бағасы мен ережелері туралы барлық қажетті ақпаратты Сіз біздің сайтымыздан және әлеуметтік желілерден ала аласыз.
Келіп түскен барлық сұрақтарға «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің жетекші мамандары жауап береді.