Біз туралы

«Оқжетпес» шипажайының құрылу және даму тарихы

«Ашық алаң» санаторийі. 1965

1960 жылғы 26 желтоқсанда СОКП ОК Қаулысымен Қазақ ССР құрамында республиканың жалпы алаңының 21% алатын Тың өлкесі құрылды. Ол 5 облыстан тұрды. Оның құрылуы тың және тыңайған жерлерді игеру бойынша мемлекеттің орасан зор жобасымен байланысты. Тың өлкесі 5 жыл жұмыс істеді және 1965 жылғы 19 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен таратылды. 1964 жылы Тың Өлкелік исполком қыметкерлеріне арналған Бурабай орман шаруашылығы аумағында жобалау, содан кейін Бурабай көлінің жағасында курорттық аймақтың көрікті аймағының бірінде демалыс үйінің құрылысы (пансионат) басталды. Соңынан 1966 жылы оның базасында ұйымдастырылған «Ашық алаң» климаттық шипажайының іргетасы дәл осы құрылыс болды. Ол кезде бұл атау болмаған еді. 1965 жылғы мамырда Щучинск аудандық компартия мен Тың өлкесінің Өлке исполкомы және Щучинск аудандық партия комитетінің шешімімен шипажайдың директоры болып Степан Степанович Усатов тағайындалды. Шипажайдың ғимараты типсіз және сол уақытта ірі панельді құрылымнан жасалған үш қабатты қорапша болды. Барлық емдеу кабинеттері, сумен емдеу орны, асхана ғимараттың бірінші қабатында орналасты. Бұл ғимарат Мәскеудің Тың өлкесіне берген сыйлығы еді. Ашылуына мәскеулік өкілдер, өлкенің, обкомның, аудандық компартияның бірінші басшылары, Қазақстан
Компартиясының Орталық Комитетінің өкілдері келді. Сол күні ресми емес кешкі аста демалыс үйінің атауы жөнінде мәселе талқыланды, «Ботагөз», «Сфинкс», «Оқ жетпес» атаулары ұсынылды, бірақ таңдау құқығы тағайындалған директорға берілді. Степан Степанович шипажайды «Ашық алаң» деп атауды шешті, өйткені ғимарат шағын, бірақ жақсы жарықтандырылған алаңда орналасқан және бұл жер XIX ғасырдан бері осылай аталатын еді.

Сол кезде бірнеше күннен кейін шипажайға Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы Д.А. Қонаев сапармен келді, ол бұл атауды мақұлдады.

Шипажайдың бірінші директоры С.С. Усатов және «Оқжетпестің» бас дәрігері А.А. Ақмұрзин. 2007

Бір айдың ішінде 47 адамнан тұратын ұжым құрылды, оның ішінде үш дәрігер және жеті мейірбике болды. Кейіннен шипажайға арналған меджабдықтар, жиһаздар, картиналар, тағам блогына ыдыстар, 7 жаңа автокөлік және т.б. сатып алынды. Ғимарат 100 кереует-орынға мөлшерленді, бірақ кейбір кабинеттер әкімшілік жұмыскерлеріне және емдеу орнына арналды, 8 «люкс» класты нөмір, қалғанының барлығы – 2 орындық қолайсыздау нөмірлер болды, қабылдау және орналастыру 80 демалушы есебінен жүргізілді.

Тамақтану ең жоғары деңгейде болды, жоғары білікті бас-аспаз Алматыдан шақыртылды. 1966 жылы демалыс үйінің аумағында қызметкерлерге арналған 4 пәтерлі ағаш үй салынды.

Демалушылармен әңімелесу. 1966

Кейіннен, 1974 жылы, шипажайдың оқшаулығын ескере отырып, оның аумағында персоналдарға арналған 32 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, 1975 жылы Бурабай кентінде қызметкерлерге арналған 60 пәтерлі алғашқы тұрғын үй салынды. Жолдамалар мен жіберулер өлке-исполкомымен берілді, өйткені соның қарауында болған еді. Негізінен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Министрлер Кеңесінің қызметкерлері, обком хатшылары, облисполком төрағалары демалды. 1967 жылы шипажайдың директоры болып медициналық ғылымдар кандидаты Роза Ивановна Иващенко тағайындалды, ол емдеу орнында 1977 жылға дейін қызмет етті. Оның кезінде аз жұмыс жасалған жоқ: 1968 жылы 140 орындық клуб-асхана ғимараты, ал одан кейінгі жылдары – гараж және қазандық тұрғызылды. 1972 жылы барлық қызмет және емдеу-диагностикалық кабинеттері орналасқан бөлек емдеу ғимараты пайдалануға берілді. Шипажай климаттық бальнеологиялық болып қайта бейінделді және жыл бойына 120 демалушыны қабылдай алатын болды. Емдік мақсатқа жергілікті табиғи факторлар – Май-балық көлінің суы және Балпаш сор көлінің балшығы қолданылды. Бурабай көлінің емдік қасиеті зертханалық тексеруге дейін көп уақыт бұрын белгілі болды.

Әдебиетте қарт-қазақтардың ежелгі заманнан бері бұл жерге алыстан ревматизм және тері ауруларын емдеу үшін келгендері туралы мәліметтер бар. 1894 жылы доктор Н.В. Соболев Омбы медициналық қоғамының зертханасында алғаш рет Жәнібек-сор көлінің балшығына және суына талдау жасады, ал 1895 жылы осы көлдің суы мен балшығының химиялық құрамы туралы баяндама жасады. Қазіргі уақыттың өзінде Солтүстік-Қазақстан геологиялық-геофизикалық зертханасының ғылыми ұжымы Май-балық көлінің минералды суы және Балпаш сор көлі балшығының физикалық-химиялық құрамына толықтай талдау жүргізді. Шипажай дәрігерлері (Иващенко Р. И.,Чернова В. М., Толстикова О. П.) алғаш рет минералды ванналар мен балшықпен емдеуді тағайындауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді әзірледі.

1980 жылдың басында жаңа жеті қабатты жайлы бөлмелерімен жатын ғимаратының құрылысы басталды. 1982 жылы жатын ғимараты пайдалануға берілгеннен кейін, санаторийге «Оқжетпес» атауы берілді.

Д.А. Қонаевтың шипажайға келуі. 1980 жылдар.

2001 жылғы шілдеден бастап 2003 жылғы наурыз аралығында ЕСК-де қайта құру және барлық ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізілді.

Шипажайды қайта құрудың аяқталуы және оның салтанатты ашылуы. 2002

«Оқжетпес» ЕСК-нің құрметті қонақтары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С. Иванов.

Ресей Федерациясының президенті Б.Н. Ельцин жұбайымен.

Қазіргі уақытта «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені жыл бойы қызмет көрсетеді және демалушыларға арналған 173 нөмірлік қоры бар, жыл бойына қызмет көрсететін емдеу орны болып табылады.

2006 жылы Андоррда Дүние жүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының Бас Ассамблеясымен санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктері және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының арасында белсенді ғылыми жұмыстары үшін «Оқжетпес» ЕСК-не «Әлемдегі ең үздік курорт» марапаты табыс етілді. 2011 жылы санаторий меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсету – радонды терапияны енгізді. 2012 жылы мамырда Лондонда (Ұлыбритания) Британ институты директорларының шешімімен біздің емдеу-сауықтыру кешені «Еуропалық сапа» халықаралық марапатқа ие болды.

«Әлемдегі ең үздік курорт» марапаты 2006.
АҚШ армиясының алғыстары.

2012 жылы «Оқжетпес» ЕСК-не Британ институтымен берілген «Еуропалық сапа» халықаралық марапат белгілері.

«Оқжетпес» ЕСК жыл бойы қызмет көрсететін климаттық бальнеологиялық кешен болып табылады. Қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық базамен толықтырылған табиғи бірегей факторлар: қарағай орманының экологиялық таза ауасы, Балпаш сор көлінің емдік балшығы және «Май Балық көлінің минералды суы, радонды терапия, қымызбен емдеу, «Құлагер – Арасан» минералды суы жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, тірек-қимыл аппараты, асқорыту, қан айналымы, эндокринді және жүйке жүйесі ауруларын, урологиялық және гинекологиялық ауруларды емдеуге және оңалтуға мүмкіндік береді.

ЕСК-де ISO 9001:2015 халықаралық стандартқа сәйкес менеджмент жүйесі енгізілді және ойдағыдай жұмыс істейді, сертификаттау ТЮФ СЕРТ неміс компаниясымен жүргізілді.

«Шипажай – 2017» халықаралық форумы.
В.В. Бенберин және А.Н. Разумовпен радонды бұлақтың ашылуы.

2017 жылғы сәуірде «Оқжетпес» ЕСК» АҚ базасында жыл сайынғы «Шипажай» халықаралық-практикалық форумы өтті, оған ТМД және Еуропаның 10-нан аса елінің өкілдері қатысты. Форум аясындағы негізгі оқиға меншікті радонды ауыз су бұлағын ашу болды.

2017 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №450 қаулысымен «Оқжетпес»  емдеу-сауықтыру кешені мен «Алматы санаторийі» акционерлік қоғамы қайта құрылды. «Almaty resort» санаторийі «Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалына айналды. Ресей Федерациясының Ессентуки қаласында орналасқан «Қазақстан» санаторийі «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады.

Қазіргі таңда «Оқжетпес» ЕСК» АҚ өз брендімен біздің еліміздің ең жақсы курорттарын біріктіреді. Біріктірілген желінің әртүрлі санаттағы 367 бөлмесі бар. Медициналық ғимараттар білікті кадрламен және жаңа медицина жабдықтарымен жабдықталған.

Сіздерді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде күтеміз!