«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде Алтын күз! – Окжетпес
Логотип санатория Окжетпес
Объединяя лучшее

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде Алтын күз!

Сиқырға толы мына суреттерге назар аударыңыз! Табиғат тек сұлулығымен емес, ағзаңызға тигізер жақсы әсерімен де тамсандыра алады!

Ағаштар арасында серуендеу арқылы стресстен арылып, ауыр ойларды жеңілдуге болатыны ғылыми дәлелденген. АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары қала тұрғындарының жиі күйзеліске түсуі таза ауа мен табиғаттың жетіспеушілігімен байланысты деп болжап, зерттеу жүргізіп көрді.

90 минут бойы табиғатта серуендеген қатысушылар теріс ойлардың шынымен азайғанын байқаса, қалада 90 минуттық серуенге шыққандар ешқандай өзгеріс байқамағанын атап өтті.

Нәтижесінде, табиғат аясындағы серуен есте сақтау қабілетін де арттыратыны дәлелденді. Онымен қоса, ерекше пейзаж бен таңғалдыратын эмоциялар арқылы интеллектуалды күшті арттырады.

Біз сіздерді шипажайдың таңғажайып әдемі көріністерімен ғана емес, емдік пейзаждарымен де рахаттануға, тамсануға шақырамыз!

Табиғат сұлулығынан шабыт алыңыз, таза ауада жиі серуендеп, сау болыңыз!

Сізге деген қамқорлық, «Оқжетпес» ЕСК!

Post Image
Барлық жаңалықтар