тамақ

{:kz}”Оқжетпес” ЕСК-де емдік тамақтануды ұйымдастыру медициналық қызмет көрсетудің негізгі іс-шараларына жалпы емдеудің бір бөлігі ретінде кіреді.   Кешеннің бейініне сәйкес мекемеде үнемі әрекет ететін №1,4,5,7,9,10,15 емдәмдер, бірақ қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша жалпыға ортақ емдәмдердің бірі белгіленеді.

Емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану + қымыз беру ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін бөлек тобы үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақ қабылдау белгіленеді және ерекше жеке кесте тағайындалады.  Бір ауысымда тамақтану ұйымдастырылған. Тамақтану залы 200 адамға арналған. Емдеу-сауықтыру кешенінде тағайындалған емдәм ішінен бөлек тағамды таңдап келесі күнге алдын ала тапсырыс беру жүйесі қолданылады.

Таңдамалы ас мәзірі демалушылардың әдеттенген дәмдерін қанағаттандырады.

Тамақтану жиілігі түріне және диетолог дәрігермен тағайындалған емдәмге байланысты күніне төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.

Кешенде емдік тамақтану қатаң түрде сараланған және емдеу дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі. Әрбір емдәм белгілі бір минералды және витаминді құраммен, сондай-ақ аспаздық өңдеумен ерекшеленеді.