Skip to content
Главная страница » 2026 жылғы 26 наурыздағы №24 Жалғыз акционердің шешімімен Кривец Кристина Сергеевна «Оқ-Жетпес» ЛОК» АҚ тәуелсіз директоры болып сайланды.

2026 жылғы 26 наурыздағы №24 Жалғыз акционердің шешімімен Кривец Кристина Сергеевна «Оқ-Жетпес» ЛОК» АҚ тәуелсіз директоры болып сайланды.

Кристина Сергеевна — медицина, құқық және экономика салаларында көпсалалы білімі бар, денсаулық сақтау, стратегиялық даму және жобалық басқару саласының сарапшысы.

Мемлекеттік органдарда және медициналық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі жобаларды басқару, медициналық инфрақұрылымды дамыту және сапа менеджменті жүйелерін енгізу.

Медициналық компанияның құрылтайшысы және бас директоры, сондай-ақ Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының Президенті болып табылады.

Корпоративтік басқару, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ салалық бастамаларды сараптамалық бағалау саласында елеулі тәжірибесі бар.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және салалық марапаттармен наградталған.

Leave a Reply